Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

ТЖ және карантин кезеңінде ШОБ субъектілерін қолдау шараларын көрсету тәртібі туралы

Құрметті Клиенттер,

Сіздерге«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау көрсету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 251 бұйрығына төтенше жағдай және (немесе) карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – клиенттер) бизнеске қолдау көрсету, қаржылық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру және қаржыландыру өнімдері бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларының алдын алу үшін қосымша қолдау шараларын көрсету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлаймыз.

Осы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес қолдау ШОБ субъектілеріне Клиенттің еркін нысанда жасалған өтініші негізінде көрсетіледі. Клиент қажетті құжаттармен қоса Банкке электрондық пошта немесе «Банк-клиент» онлайн-жүйесі арқылы өтініш бере алады.

2020 жылғы 5 шілдеден бастап 2 тамызға дейінгі аралықтағы шектеулі карантин шараларының енгізілуіне байланысты қызметі шектелген, тыйым салынған, не тоқтатыла тұрған бизнес салалары бойынша қайта қаржыландыру немесе қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдерді кейінге шегеру туралы шешімді Банк Клиенттің қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынуынсыз, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 293  Бұйрығының ережелерін ескере отырып қабылдайды.

Банк Клиенттің өтінішін алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.

Қаржыландыру өнімдері бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыру Клиенттің кредиттік тарихының нашарлауына негіз болып табылмайды.

Сіз жоғарыда көрсетілген № 293 Бұйрықпен осы сілтеме бойынша таныса аласыз.

Толық ақпаратты Банктің менеджерлерінен немесе 2330 нөмірі бойынша Байланыс орталығынан алуға болады.

Құрметпен,
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ

Бөлісу