Уважаемые Клиенты, Поставщики и Заинтересованные стороны,

Мы обращаем ваше внимание на наше недавнее объявление о ребрендинге АО “Исламский банк “Al Hilal” в АО “Исламский банк “ADCB” и на нашу стратегию по расширению деятельности в Центральной Азии в соответствии со стратегией Группы ADCB в этом регионе.

В связи с этим ребрендингом мы хотели бы сообщить вам, что наш текущий веб-сайт будет деактивирован. Пожалуйста, посетите новый сайт Исламского Банка ADCB по этой ссылке: www.adcb.com/ru/kazakhstan/business/, где вы найдете более подробную информацию и полный текст нашего объявления об обновленной стратегии и ребрендинге.

Спасибо, что остаетесь с нами, и мы с нетерпением ждем продолжения нашего сотрудничества.

С уважением,
Исламский Банк ADCB
Сіздің қалаңыз

Өзіңіздің қалаңызды немесе сізге жақын қаланы таңдаңыз

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Кері байланыс

Мұнда Сіз өз хабарламаңызды қалдыра аласыз.



Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

САТЫП АЛУ

Сату

USD
EUR
AED
413
484
112
418
491
114
Өтініш беру

Барлық енгізілген деректердің дұрыстығын жіберу алдында тексеріңіз.

Қызылмен белгіленген өрістерді толтыру міндетті

Жол жүру картасы
Онлайн қолдау





Алматы

Ұялы телефон
kz
ru en

Банк басқармасы

Гордон  Хаскинс

Гордон Хаскинс

Басқарма төрағасы

Гордон Хаскинс Al Hilal Банкінің командасына 2017 жылы басқарма төрағасы ретінде қосылды. Банк және қаржы салаларындағы тәжірибесі — 25 жылдан астам. Банкке келгенге дейін Гордон Хаскинс RBS Kazakhstan компаниясында атқарушы директор, басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет еткен. Сондай-ақ, RBS Group тобында EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағының қарыз капиталы және тәуекелдерді шешу жөніндегі бас операциялық директоры лауазымында болған. Гордон Хаскинс RBS Group тобында 13 жылдан астам уақыт жұмыс істеген, соның ішінде топтың заңнамадағы өзгерістер және әрекет ету жөніндегі басқарушы директоры, секьюритизация және қамтамасыз етілген корпоративтік қарыздар бойынша мәмілелерді орындау бөлімшесінің басшысы лауазымдарында қызмет еткен. Одан бұрын 12 жыл бойы Лондондағы Clifford Chance компаниясында және Канададағы Davis & Co компаниясында заңгер ретінде жұмыс істеген.
Гордон Хаскинс Британдық Колумбия Университетінің тарих және саясат бакалавры дәрежесіне (1987) және Торонто Университетінің құқық магистрі дәрежесіне (1991) ие.

 

 

Елтай Мұхамеджанов

Елтай Мұхамеджанов

Басқарма мүшесі, корпоративтік банкинг департаментінің директоры

Елтай Мұхамеджанов Al Hilal Банкінің командасына  2013 жылы қосылды. Елтай Мұхамеджанов Банктің басқарма мүшесі және корпоративтік банкинг департаментінің директоры ретінде корпоративтік және жеке бизнесті дамыту жөніндегі стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру, сауданы қаржыландыруды дамыту және қаржы институттарымен ынтымақтастық ісіне жетекшілік етеді. 
Өз мансабының басым бөлігін Елтай  Мұхамеджанов HSBC тобында құрды, онда ол ірі корпоративтік клиенттермен және ұлттық компаниялармен жұмыс жасау ісіне жауапты болды. Ол HSBC тобындағы соңғы үш жылдық қызметін топтың Лондондағы бас кеңсесінде ғаламдық нарықтар департаментінде атқарды, онда ол ТМД елдерінде және Оңтүстік Африка аймағында бизнесті дамыту ісіне жауапты болды.
Елтай Мұхамеджановтың халықаралық инвестициялық және корпоративтік банкинг, тәуекелдерді басқару, қаржы өнімдерін әзірлеу саласындағы тәжірибесі мол. «ҚазТемірТранс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Кардифф Университетінің (Ұлыбритания) қаржы саласында МВА дәрежесін ие, мұнда ол «Болашақ» шәкіртақылық бағдарламасы бойынша оқып шықты, сондай-ақ, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) бизнес және мемлекеттік басқару бакалавры дәрежесін алды.

Айдын Таиров

Айдын Таиров

Басқарма мүшесі, қаржы директоры

Айдын Таиров Al Hilal Банкінің командасына 2010 жылы Банк Қазақстанда ашылған сәттен бастап кірді. Ол Банктің басқарма мүшесі және қаржы директоры ретінде қаржылық және әкімшілік департаменттердің жұмысына, реттеуші және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу ісіне жауап береді. Банкке келгенге дейін Айдын Таиров Demir Kazakhstan Bank, Citibank, «Нұрбанк» банктерінде қаржы директоры және басқарма төрағасының орынбасары ретінде қызмет еткен, онда ол қаржылық, басқарушылық, реттеушілік, әкімшілік қызмет және қазынашылық үшін жауапты болған. Оның қаржы, бухгалтерлік есеп, қазынашылық және ақпараттық технологиялар саласында мол басқарушылық тәжірибесі бар.
Айдын Таиров Ұлттық банктің исламдық қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі және Қазақстан Республикасының банк және салық заңнамасына исламдық қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша бастамашылар мен сарапшылардың бірі болып табылады.
Айдын Таиров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған, Дарем Исламдық қаржы мектебінде (Durham Islamic Finance School) оқыған. Кәсіби бухгалтер дәрежесіне ие. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгенің 20-жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық медалімен марапатталған.

Гүлшат Асқатова

Гүлшат Асқатова

Басқарма мүшесі, тәуекел менеджменті департаментінің директоры

Гүлшат Асқатова Al Hilal Банкінде 2010 жылы ашылған сәтінен бастап жұмыс істеп келеді. Банктің басқарма мүшесі және тәуекелді басқару департаментінің директоры ретінде Гүлшат Асқатова тәуекел менеджменті жүйесін басқаруға, кепілзат қызметі мен несиелік қолдау, несиелік андеррайтинг қызметінің тиімді жұмыс істеуіне жауап береді. Гүлшат Асқатованың банктік салада 20-жылдық жұмыс тәжірибесі бар, ол UniCreditGroup («АТФБанк»), «АТФ Лизинг», «Аграрлық Несие Корпорациясы», «Нұрбанк» компанияларында бірқатар басқарушылық лауазымдарда қызмет еткен.
Гүлшат Асқатованың тәуекелдерді басқару, корпоративтік және жеке қаржыландыру, қазынашылық, стратегиялық жоспарлау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру салаларында терең білімі бар. Қазақ Ұлттық Басқару Академиясын  «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған, Маастрих бизнес мектебінің (Нидерланды) «Жалпы және стратегиялық менеджмент» MBA дәрежесіне ие.