Аккредитивтер мен банк кепілдіктерін шығару бойынша тиімді шарттар
Аккредитив — бұл есеп айырысу нысаны, ол бойынша Банк Клиенттің нұсқаулықтарына сәйкес Клиенттің атынан немесе өз атынан үшінші тұлғаға төлем жасауға міндетті.
Банк Клиенттің сұрауы бойынша бұрын белгіленген мерзімге қарай төлем жасайды.
Аккредитив сауда мәмілелерін жасау барысында сенімділік береді және болжалды тәуекелдерді жояды, барлық төлемдер Банктің бақылауымен жасалады.
Банк кепілдігі — бұл Клиент контр-серіктестерінің алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, Банктің үшінші тұлғаға төлеуі тиіс болатын жазбаша міндеттемесі.