Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 644-бабына сәйкес, 2018-ші жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғаның Ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынуға тиіс екенін хабарлаймыз.
Бейрезидент-жеке тұлғаның инвестициялық депозит бойынша табысына 15% мөлшерінде, ал мемлекетте жеңілдігі бар салығымен тіркелген тұлғалар үшін – 20% мөлшерінде салық салынатын болады.